
Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған алдын алу жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында ақпараттық брошюралар таратылып, жұмыс уақытын сақтау, киім кию талаптары, әкімшілік және тәртіптік шаралар туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке жаңадан келген қызметкерлерге, сондай-ақ үзілістен кейін міндеттеріне қайта оралғандарға кеңес беру көмегі көрсетілді.
Бұл жұмыс қызметтік тәртіпті нығайтуға, жауапкершілікті арттыруға және ықтимал бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі.