
📡 Мемлекет басшысының ауылдық аумақтарды сапалы байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Бейімбетов Майлин ауданында мобильді байланыс пен интернетке қолжетімділікті кеңейту жұмыстары аяқталды.
✅ Бүгінде мұндай объектілер төмендегі ауылдық округтерде орнатылды:
Калинин ауылдық округі (Нагорное ауылы)
Новоильинов ауылдық округі (Ақсуатское ауылы)
Байшуақ ауылдық округі (Набережное ауылы)
Павлов ауылдық округі (Апановка ауылы)
Бұл шаралар ауылдық округтердегі байланыс пен интернет сапасын айтарлықтай жақсартып, тұрғындардың заманауи цифрлық мүмкіндіктерге қолжетімділігін кеңейтеді.