1 қазан күні Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік концерт өтті.
Аудан әкімі Қайсар Мұржақұпов жиналғандарды құттықтап, ардагерлерге әскери және еңбек ерліктері үшін, елдің, ауданның, туған ауылдың дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
Шын жүректен шыққан құттықтау сөзін аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Раиса Овчарова да арнады.
Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары көрермендерге жарқын өнерін ұсынып, тамаша көңіл-күй сыйлады. Мереке атмосферасы үлкенге деген жылылыққа, құрмет пен алғысқа толы болды.