Сіздерді «Халықаралық қарттар күні» мерекесімен
шын жүректен құттықтаймын!
1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл күн – сіздерге, өз еңбегіңізбен, даналығыңызбен, Отанға адалдығыңызбен ауданымыздың және тұтас еліміздің дамуына зор үлес қосқан ардақты жандарға деген құрметтің, алғыстың және ризашылықтың күні.
Өздеріңіздің қолтаңбаларыңызбен туған өлкенің тарихы жазылды: мектептер мен үйлер салынды, кәсіпорындар бой көтерді, жолдар төселді, ауыл шаруашылығы дамыды. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында тәуелсіз Қазақстанның берік іргетасы қаланып, бүгінгі ұрпақ үшін жарқын болашақ жасалды.
Бүгінде сіздер – рухани құндылықтар мен салт-дәстүрлердің сақтаушылары, еңбексүйгіштік пен өмірге төзімділіктің үлгісісіздер. Өмір жолдарыңыз бізге ерлікке, жігерге, жауапкершілікке үйретеді. Сіздердің ақыл-кеңестеріңіз бен өнегелі сөздеріңіз қоғамдағы бірлікті және келісімді нығайтып, алға ұмтылуымызға дем береді.
Құрметті ардагер ағалар, қадірлі Асыл аналар!
Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт пен жан жылуын тілеймін. Әрқашан шаңырақтарыңызда бейбітшілік пен ынтымақ орнап, жүректеріңіз бала-шағаларыңыздың қамқорлығымен, немерелеріңіздің сүйіспеншілігімен және айналаңыздың құрметімен жылына берсін. Әрбір жаңа күніңіз қуанышқа, шынайы күлкіге, болашақ ұрпаққа қалдырған асыл мұраға деген мақтаныш сезіміне толы болсын.
Аудан әкімі Қ. Мыржақыпов