Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Бүгін біз қазақ даласының ұлы перзенті, ойшыл, ақын, философ әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толған ерекше күнді атап өтудеміз. Оның мол мұрасы – тек халқымыздың ғана емес, бүкіл адамзаттың игілігіне айналған асыл қазына.

Абай – халқымыздың ар-ұяты мен даналығының символы. Ол ұлттық дәстүр мен әлемдік мәдениеттің құндылықтарын үйлестіре білген дара тұлға. Оның шығармалары адам жанының терең сырларын ашып, ізгілікке, әділдікке, білім мен ғылымға ұмтылуға үндейді. Абайдың мұрасы – қазақ әдебиетінің берік негізі, әлемдік философиялық ойдың ажырамас бөлшегі. Оның халық бірлігі, адамгершілік пен еңбек туралы ойлары бүгінгі ұрпақ үшін де маңызды бағыт-бағдар болып қала бермек.

Ұлы ойшылдың мерейтойын атап өте отырып, біз оның ұлттық сананы қалыптастыруға, ана тіліміз бен дәстүрімізді сақтауға, ғылым мен мәдениетті дамытуға қосқан орасан зор үлесіне терең құрметімізді білдіреміз. Абай – халықтың рухани қуатының, шындық пен әділдікке деген талпынысының жарқын үлгісі.

Құрметті жерлестер! Абайдың асыл мұрасы алдағы уақытта да бізге жол көрсетіп, білімге, даму мен ізгілікке ұмтылуға дем берсін. Елдің өсіп-өркендеуі жолында бірлікпен еңбек етуге шабыттандырсын!

Аудан әкімі                                                                      Қ. Мыржақыпов