Құрметті металлургтер, саланың қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті металлургтер, саланың қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – күш-қайраттың, табандылық пен шеберліктің символы. Металлургия – отандық экономиканың басты тіректерінің бірі. Ол жоғары кәсіби біліктілікті ғана емес, нағыз ерлік пен батылдықты да талап етеді. Сіздер бүкіл қоғам игілігі үшін аянбай еңбек етіп, өнеркәсіптік әлеуеттің артуына, тұрақты даму мен ертеңгі күнге деген сенімге жол ашып келесіздер.

Solidcore Resources компаниясы мен «Варваринское» АҚ ұжымына айрықша алғысымды білдіремін. Сіздердің өңір дамуына қосып жатқан үлестеріңіз зор. Жұмысқа деген жауапты көзқарастарыңыздың арқасында ауданымыз тұрақты өсім мен дамудың серпінін алуда.

Сондай-ақ, кәсіпорын мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы сенімді серіктестік пен тиімді өзара іс-қимылды ерекше атап өткім келеді. Сіздер жасалған меморандумдар аясындағы міндеттемелерді адал орындап, аудан тұрғындары үшін маңызды бастамаларды қолдап, әрдайым ашық диалог орната білесіздер. Мұндай әріптестік – әлеуметтік жауапты және нәтижелі өзара ынтымақтастықтың үлгісі.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыруға белсене қатысқандарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық іс-шараларды жүзеге асыруға және табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлестеріңіз – келешек ұрпақтың денсаулығына және өңірдің орнықты дамуына салынған үлкен инвестиция.

Құрметті металлургтер! Сіздерге мықты денсаулық, өндірістік жетістіктер, тұрақтылық, әріптестеріңіздің құрметі мен ертеңге деген сенім тілеймін. Отбасыларыңызда әрдайым тыныштық, береке мен жылулық орнасын. Ал сіздердің абыройлы еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағалана берсін!

 

Аудан әкімі                                                                               Қ. Мыржақыпов