Шара барысында күмбірлеген күй тартылып, ұлттық би биленіп, әсем әндер шырқалды. Көрермендер мен қатысушыларды мерекелермен Тобыл кентінің әкімінің орынбасары Байбол Хасенов құттықтады. Қатысушылар домбыраның қоныр үнімен тербеліп, халқымыздың бай мәдени мұрасын ұлықтады. Бұл күн - елдігімізді, рухымызды, бірлігімізді көрсететін тағылымды мерекеге айналды. Аллеяда жайылған көтеріңкі көніл-күй мен ұлттық нақыштағы өнер көріністері тұрғындарға ерекше әсер сыйлады.