6 шілдеде қазақстандықтар еліміздің бас қаласының 27 жылдығын атап өтеді. Астана мерекесі қарсаңында Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Елімнің жүрегі - Астана» атты мерекелік концерт өтті. Дәстүр бойынша аудан әкімінің құттықтауы марапаттау рәсімімен жалғасты.
Мереке қарсаңында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңіне қатысушылардың 5 отбасы атап өтілді. Байқауға қатысқандары үшін Әйет ауылынан Нокишовтар мен Байжұман, Тобыл ауылынан Шойбасовтар отбасыларына аудан әкімінің алғыс хаттары табыс етілді. Байқау жеңімпаздары болып Тобыл ауылынан Мақсұтхан мен Бірмағамбетовтер отбасы марапатталды. Елорда күніне орай ауданның көркемөнерпаздар өнер көрсетті.