25 Маусымда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті. Естеріңізге сала кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң имиджін дамытуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Отырыста конкурстық комиссия мүшелері қатысушылардың өтінімдерін қарады, олардың саны 5 отбасы. Биылғы жылы Әйет ауылдық округінен (Байжұман отбасы, Шойбасовтар отбасы, Нокишевтер отбасы), Тобыл кентінен (Ишанқұловтар отбасы, Бірмағанбетовтер отбасы) отбасылар қатысты. Өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша комиссия конкурстың облыстық кезеңіне қатысатын 2 отбасын анықтады. Олар көп балалы отбасылар болды: Ишанқұловтар отбасы және Бирмағанбетовтар отбасы, олар көптеген еңбегі, жетістіктері бар, сонымен қатар отбасылық құндылықтарды қалыптастыруда үлгі болып табылады. Шілде айында байқаудың аудандық кезеңіне қатысушыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтеді.