23 маусым күні аудандық Мәдениет үйінде мемлекеттік қызметшілер және полиция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов қатысушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, өз сөзінде Отандық полицияның қалыптасуы тәуелсіз Қазақстанның даму тарихымен тығыз байланысты екенін атап өтті. Өз кезегінде Қ.Мыржақыпов мемлекеттік қызметкерлер халықтың олардан кәсібилікті, адалдықты, заңдылықты сөзсіз сақтауды күтетінін ұмытпауы керек деп қосты.
Қызмет қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштері үшін полиция бөлімінің ерекше көзге түскен қызметкерлеріне және мемлекеттік қызметшілерге салтанатты түрде құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.
Аудан полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Жансерік Хасанов өз атынан мадақтамаларды табыстады.
Концерттік бағдарлама көрермендерді жағымды эмоциялармен және позитивтілікпен қуантты. Жалпы мерекелік іс-шараның лейтмотиві- Қазақстан жеріне бейбітшілік тілеу болды.