Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі бағыттарын айқындап берді – бұл тиімді, кәсіби және ашық мемлекеттік аппарат қалыптастыру, халықтың сұранысына ашық болу. Бұл міндеттер биліктің барлық деңгейінде өзекті және әрбір мемлекеттік қызметшіден жоғары кәсібилікті, жауапкершілікті және үнемі дамуға деген ұмтылысты талап етеді.
Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы әсіресе аудан деңгейінде арта түседі, себебі мұнда күн сайын тұрғындардың өміріне тікелей әсер ететін мәселелер шешіледі. Дәл сіздер – халық пен мемлекетті байланыстырып отырған сенімді көпірсіздер, маңызды әлеуметтік және экономикалық бастамалардың жүзеге асуына атсалысып, билікке деген сенім қалыптастырасыздар.
Осы мерекелі күні мемлекетке қызмет етуді өмірлік ісіне айналдырған мемлекеттік қызмет ардагерлеріне ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің мол тәжірибелеріңіз, кәсібиліктеріңіз бен істеріңізге деген адалдықтарыңыз – қазіргі және болашақ ұрпаққа үлгі.
Қазіргі мемлекеттік қызметшілер де осы абыройлы дәстүрді лайықты жалғастырып, ауданымыздың дамуына және мемлекеттік жүйені нығайтуға өз үлесін қосып келеді деп сенемін.
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, тұрақтылық және халық игілігі жолындағы жауапты да абыройлы қызметтеріңізде жаңа табыстар тілеймін!
Аудан әкімі Қ. Мыржақыпов