17 маусымда Бейімбет Майлин ауданында төсбелгілер мен «Алтын белгі» аттестатын және «Үздік» үздік аттестаттарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Биылғы жылы 21 түлек қол жеткізген жетістіктері үшін жоғары марапаттарға, төсбелгіге, «Алтын белгі» аттестатына және Қостанай облысы әкімінің атынан гравертонға ие болды. Бейімбет Майлин ауданы әкімінің атынан 9 түлекке «Үздік» аттестат пен гравертон табыс етілсе, барлық түлектер материалдық ынталандыруларға ие болды. Балаларына қолдау көрсетіп, тәрбиелеп отырған ата-аналарға аудан әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етілді.