Еңбек үшін алғыс! Медицина қызметкерлері күні Қазақстанда маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Кәсіби мерекеге орай салтанатты іс-шара 13 маусым күні аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылды.

Еңбек үшін алғыс! Медицина қызметкерлері күні Қазақстанда маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.  Кәсіби мерекеге орай салтанатты іс-шара 13 маусым күні аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылды.

Еңбек үшін алғыс!
Медицина қызметкерлері күні Қазақстанда маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Кәсіби мерекеге орай салтанатты іс-шара 13 маусым күні аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылды.
Зал төрінде дәрігерлер, медбикелер, санитарлық қызметкерлер және ауданның жедел жәрдем көліктерінің жүргізушілері-күнделікті адам өмірін сақтап қалатын ұйым өкілдері жиналды.
Аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов кәсіби мерекемен құттықтап, еңбегі, батылдығы, кәсібилігі мен борышына адалдығы үшін алғыс білдірді. Дәстүр бойынша үздік медицина қызметкерлері Облыс әкімінің, Денсаулық сақтау басқармасының грамоталарымен, сондай-ақ аудан әкімінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Аудан әкімінің құттықтау сөзіне өз кезегінде бас дәрігердің орынбасары Махатова Маржан қосылды. Ол әріптестеріне ізгі еңбегі, мейірімділігі мен зейіні үшін, сондай-ақ пациенттерге көмекке келуге дайын болғаны үшін шын жүректен ризашылық білдірді. Аудан тұрғындарына емдеу – профилактикалық көмек көрсету ісіндегі адал еңбегі үшін "Медицина қызметкері күні" кәсіби мерекесіне орай бас дәрігердің, кәсіподақ ұйымының грамоталарымен аудандық аурухананың қызметкерлері марапатталды. Мереке күні гүлдермен медициналық қызмет ардагерлері марапатталды. Кәсіби мереке иелеріне шын жүректен алғыс пен құттықтау сөздері аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған ән және би нөмірлерімен үйлесім ұштастырылды.