Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесінің ұсынымдары барлық қызмет көрсететін органдарға жолданып, аудан әкімі аппараты басшысының қатысуымен ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте қаралды. Қарау нәтижелері бойынша келесі мәселелер бойынша шешімдер қабылданды:
1) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге;
2) мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн арттыруға арнайы бағытталған «Ең алдымен адамдар» семинарлары шеңберiнде мемлекеттiк қызметтер көрсететiн мамандарды даярлау мүмкiндiгiн қарастыру;
3) көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге;
4) қоғамдық бақылауға үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңестердің өкілдерін тартуға міндетті.