«Халық заңгері» акциясын

«Халық заңгері» акциясын

Мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету болып табылатын «Халық заңгері» акциясын өткізу шеңберінде, 2025 жылғы 30 мамырда Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ғимаратында ауданның мемлекеттік органдарының өкілдерімен, адвокат және мемлекеттік сот орындаушысымен азаматтарды қабылдау өткізілді. Іс-шара аясында алимент өндіруге, мұрагерлік құқыққа, жер мәселелеріне және т.б. қатысты жеке мәселелер бойынша заңгерлік кеңестер берілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке қатысты мәселелер түсіндірілді.