2021 жылғы 25 шілдеде өткен Асенкритов ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2021 жылғы 25 шілдеде өткен Асенкритов ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

        

2021 жылғы 25 шілдеде Бейімбет Майлин ауданының Асенкритов ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

         Бейімбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Бейімбет Майлин ауданының Асенкритов ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде сайлау келесі қорытындыларын белгіледі:

         Асенкритов сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1259 азамат енгізілді, олардың 944-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 11, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 66.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Жапанов А.Қ. - 154; Мұханов Ж. Б. - 713.

         Асенкритов ауылдық округінің әкімі болып сайланған Мұханов Жасұлан Балғабайұлы, 1986 жылы туған, жеке кәсіпкер, Қостанай облысының Рудный қаласында тұрады, Қостанай облысы бойынша "Ауыл "халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" ҚБ аймақтық филиалымен ұсынылды.

         Бейімбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 27 шілдедегі шешіммен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Бейімбет Майлин ауданының Асенкритов ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

 

Бейімбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы

Сайлау комиссиясының хабарламасы
Дата публикации
27 июля 2021