2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына ресми түрде теңестіріледі

2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына ресми түрде теңестіріледі

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде моторлы көлік болып саналады. Бұл оларды пайдалану үшін келесі құжаттар мен рәсімдер қажет болады дегенді білдіреді: полицияда тіркелу; A1, A немесе B санатындағы жүргізуші куәлігі; техникалық байқау; азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру

Тіркелу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына келесі құжаттармен хабарласу қажет: жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін); техникалық құжат немесе мопедтің сипаттамалары. Осыдан кейін өтініш толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, мемлекеттік бажды төлеу керек.

Мопедті тексеруін Бейімбет Майлин полиция бөлімінде өтуге болады мекен жайы Әйет ауылы Б.Майлин 10 көшесі

Жұмыс нөмірі +7(71436) 3 74 63