Таза Қазақстан – адал азаматтың таңдауы

Таза Қазақстан – адал азаматтың таңдауы

Б.Н. АСЫЛОВ

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

 

 

Таза Қазақстан – адал азаматтың таңдауы

 

Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев айтқандай, тазалық әр адамнан, әр үйден, әр көшеден және әр қаладан басталуы керек.

 

«Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай біз «80 жылдыққа – 80 түп ағаш» экологиялық акциясына бастама бердік. Елордамыздағы Ботаникалық саябақта Бас прокуратураның қызметкерлері 80 түп ағаш отырғызды.

 

Бұл акцияға еліміздің барлық өңірлеріндегі прокуратура органдары белсенді түрде қатысады.

 

Бұл — Отан қорғаушыларына көрсетілген құрмет пен табиғатты болашақ ұрпақ үшін сақтау жолындағы үлес.

 

Әр азамат жасыл желектерге ұқыпты қараудың маңыздылығын түсінеді — бұл «Адал азамат» қағидасын ұстанатын азаматтың саналы таңдауы.

 

Әрбір ағаш — бұл қаланың тынысы, оның өмірі мен болашағы.