«Басқарушы мектебі» облыстық жобасы
аясындағы оқыту семинары
Қостанай қаласындағы «IQostanay» балаларға арналған «SMART орталығының» базасында «Басқарушы мектебі» облыстық жобасын жүзеге асыру аясында қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына арналған оқыту семинары өтті.
Семинар тақырыбы: «Қосымша білім беру ұйымының даму бағдарламасын әзірлеу технологиялары».
Іс-шараның негізгі мақсаты — ұйым басшыларының стратегиялық жоспарлау және даму бағдарламасын жобалау саласындағы практикалық дағдыларын дамыту, нақты нәтижелерге қол жеткізуге және ұйымның тұрақты дамуына бағытталған тәсілдерді меңгеру.
Семинар барысында қатысушылар:
Даму бағдарламасының әдістемесі мен құрылымымен танысты;
Өз ұйымы үшін даму бағдарламасының прототипін жасау бойынша жұмыс жүргізді;
Басқарушылық тәжірибелерімен алмасып, табысты іс-тәжірибелерді талқылады.
Семинар қосымша білім беру ұйымдарының арасындағы желілік өзара іс-қимылды кеңейтуге, басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға және жобалық тәсілдерді практикалық қызметке енгізуге бағытталған маңызды қадам болды.
«Басқарушы мектебі» жобасы өз жалғасын табуда! Қатысушыларды басқарушылық құзыреттерді дамытуға және өңірдегі білім сапасын арттыруға бағытталған жаңа модульдер, тағылымдамалар, тәлімгерлік және жобалық жұмыстар күтіп тұр.