Халықаралық дөңгелек үстел: «Қосымша білім беру ұйымдарының желілік өзара әрекеттестігі»

Халықаралық дөңгелек үстел: «Қосымша білім беру ұйымдарының желілік өзара әрекеттестігі»

Халықаралық дөңгелек үстел:

«Қосымша білім беру ұйымдарының желілік өзара әрекеттестігі»

 

Кәсіби ынтымақтастықты дамыту және тиімді басқарушылық тәжірибе алмасу мақсатында «Қосымша білім беру ұйымдарының желілік өзара әрекеттестігі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қостанай облысының колледждерінің, жалпы білім беретін мектептерінің өкілдері, қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, олардың орынбасарлары сондай-ақ және Челябі (РФ) облысының ғылыми-әдістемелік қызмет басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында келесі мәселелер талқыланды:

- желілік әріптестіктің заманауи үлгілері,

- ұйымдар ресурстарын біріктіру тетіктері,

- халықаралық және өңіраралық табысты жобалардың мысалдары,

- бірлескен қызметті ұйымдастыруға арналған цифрлық құралдар,

- кәсіби қауымдастықтарды кеңейту перспективалары.

Кездесу форматы ашық диалог орнатуға, табысты тәжірибелермен бөлісуге және өзгермелі білім беру кеңістігінде басшылар тап болатын өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға мүмкіндік берді.

Желілік өзара әрекеттестік - бұл сапаны арттырудың, мүмкіндіктерді кеңейтудің және тұрақты кәсіби қауымдастық қалыптастырудың тиімді жолы!