Пресс-анонс Қостанай облысының колледждері «Серпін» бағдарламасы бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізуде

Пресс-анонс Қостанай облысының колледждері «Серпін» бағдарламасы бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізуде

Пресс-анонс

Қостанай облысының колледждері «Серпін» бағдарламасы бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізуде

 

 

«Серпін» жобасын іске асыру аясында қаңтар-мамыр аралығында   оңтүстік өңірлерге колледждердің үгіт-насихат топтарының іссапары жоспарланған.

Үшінші ай қатарынан (қаңтар, ақпан, сәуір) Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда  және Жетісу облыстарында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Көшпелікәсіптік бағдарлау кезеңіндеҚостанайоблысыныңколледждеріменоңтүстікөңірлермектептерініңбірлескенжұмысыжүргізіледі.Колледждергеөңірде жүзеге асырылып жатқан перспективалықжобаларменоқытумүмкіндіктерітуралытұрғындарды хабардар ету мүмкіндігі беріледі.

14-18 сәуір аралығында Қостанай облысы колледждерінің кәсіптік бағдарлау тобының өкілдері Қызылорда облысының Қазалы ауданы, Алматы облысының Кеген және Райымбек аудандары, Түркістан облысының Сарыағаш ауданы,  Жетісу облысының Екелді және Кербұлақ аудандары, Жамбыл облысының Шу және Қордай аудандарының мектептеріне баруды жоспарлады.

Төрт күн ішінде шамамен 6 мың адамдықамтиотырып, жұмыс тапшылығы бар өңірлердіңқалаларыменаудандарының85 ортабілім беру ұйымдарына барды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін облыста «Серпін» жобасы 2014 жылдан 2021 жылға дейін жүзеге асырылған болатын. 10 колледжде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан жалпы контингенті 337 адам оқыды.