2025 жылғы 31 наурызда Қостанай облысы әкімінің орынбасары А.Т. Әбеновтың төрағалығымен 2025 жылға «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» грантын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті.

2025 жылғы 31 наурызда Қостанай облысы әкімінің орынбасары А.Т. Әбеновтың төрағалығымен 2025 жылға «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» грантын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті.

2025 жылғы 31 наурызда Қостанай облысы әкімінің орынбасары
А.Т. Әбеновтың төрағалығымен 2025 жылға «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» грантын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Конкурстық комиссияның құрамына Қостанай қаласы жоғары оқу орындарының, Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, Қостанай облысы білім басқармасының өкілдері, тәжірибелі педагогтер, психологтар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ғылым қайраткерлері кірді.

Биыл Грант мөлшері 800 ең төменгі жалақыны (85 000 теңге) – 68 000 000 теңгені құрайды.

Отырыста облыстың 5 мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдардың конкурстық материалдары қаралды: Жітіқара политехникалық колледжі, Қостанай жоғары политехникалық колледжі, Рудный тау кен-технологиялық колледжі, Рудный политехникалық колледжі, Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі.

Колледждердің қызметін бағалау қорытындысы бойынша Қостанай жоғары политехникалық колледжі 2025 жылға үздік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйым болып анықталды.