«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық конкурсының өңірлік кезеңінің нәтижелері.
2025 жылғы 20 ақпаннан 19 наурызға дейін «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі өтті, оған облыстың 30 колледжінен 67 студент қатысты.
Өңірлік кезеңге қатысу үшін студенттер мотивациялық хаттар мен бейнероликтер ұсынды, онда студенттер өздерін болашақ маман ретінде таныстырды және өздерінің белсенді қоғамдық қызметін көрсетті.
Конкурстық комиссияның құрамына білім басқармасының, әдістемелік орталықтың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, жастар ісі және азаматтық қоғам мамандары кірді.
Конкурс қорытындысы бойынша байқаудың өңірлік кезеңінің 10 жеңімпаз студенті анықталды:
Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары 2025 жылғы 26 наурыз бен 21 сәуір аралығында конкурстың Республикалық кезеңіне қатысады. Жеңімпаздарды марапаттау 2025 жылғы 30 сәуірде Астана қаласында өтетін «OUTSTANDING STUDENTS AWARDS» рәсімінде өтеді.
Біздің қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!