2025 жылдың 4 наурызында Қостанай қаласы балалар шығармашылық мектебінде жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Оқушылардың өзін – өзі басқару көшбасшысы» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға 13 өңірден 14 оқушы қатысты.

Қатысушылар көшбасшылық және шығармашылық құзыреттерін арттыру үшін алаңда жұмыстарын ұсынды. Өздерінің командада жұмыс істей білетіндігін, коммуникативтік дағдыларын, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар мен әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыратын қырларын көрсете білді.
Әділ қазылар шешімімен 4 үздік қатысушы оқушылардың өзін – өзі басқару көшбасшысы ретінде жеңімпаз атанды, олар: Қосылбек Айша, Жангельді ауданы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы, Корчагина Эвелина, Жітіқара ауданы гимназиясының 9 сынып оқушысы, Нусс Илья, Қостанай қаласы №7 жалпы білім беретін мектебі, Жаркенов Бакнур, Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия- интернаты 10 сынып оқушысы. Жеңімпаздар сәуір айында Павлодар қаласына білім беру интенсивінде Қостанай облысының намысын қорғауға барады. Балаларға сәттілік тілейміз!!!