
2024 жылды қорытындылай отырып, Қостанай облысының білім беру жүйесі қарқынды дамып келе жатқанын атап өтуге болады. Жыл сайын Мемлекет басшысы мен жергілікті атқарушы органдардың қолдауы артып келеді. Мәселен, білім беру саласының бюджеті 198,5 млрд. теңгені құрады.
Облыста мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейінде 32 мыңнан астам бала контингенті бар 485 ұйым жұмыс істейді.
Бүгінгі күні мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың үлесі 92%, 3 жастан 6 жасқа дейін - 99,9% құрайды.
Биыл 760 орындық 7жаңабалабақшаашылды.
Орта білім беру деңгейінде облыста 7740 орындық 11 мектеп, оның ішінде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 4500 орындық 6 мектеп салынады.
2024 жылдың қараша айында мектеп оқушылары үшін мемлекеттік тілде оқытатын 2 жайлы мектеп ашылды: Қостанай ауданының Заречный ауылында 900 орындық және Арқалық қаласында 300 орындық.
Әлеуметтікәсер де маңызды:қазірдің өзінде 400-ден астамтұрақтыжұмысорнықұрылып отыр.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау үшін осы жылы жалпы сомасы 7 млрд. теңгеге 155 білім беру ұйымына жөндеу жұмыстары жасалды. Оның ішінде 13 объектіге күрделі жөндеу, 142 - ағымдағыжөндеу жүргізілді.
Биыл облыс мектептері үшін жалпы сомасы 230,8 млн. теңгеге 25 пәндік кабинет сатып алынды.
Жазғы демалыспен және сауықтырумен қамтуды арттыру үшін Әулиекөл ауданында 268,5 млн.теңге сомасына «Қазақстан халқына» қоры есебінен салынған 100 орындық «Балдәурен»жаңалагеріашылды.
Сапалы білімге қол жеткізудің басты бағыты - оқушылардың қауіпсіздігі болып табылады.Облыстыңбарлықбілім беру ұйымдары 100%бейнебақылаужүйелерімен жабдықталған, дабылтүймелеріменжәнелицензияланғанкүзетпенқамтамасыз етілген.
Мемлекет басшысының 1-4 сыныптардағы барлық балаларды 100% тегін тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау жалғасуда, қазір бұл 45 мыңнан астамбаланы құрап отыр.
Сондай-ақ, жалпы білім беру қорынан 7 200 балатегінтамақпенқамтылды.
Мұғалімдеріміздің кәсібилігінің негізгі көрсеткіші - оқушылардың жетістіктері. Мәселен, PIRLS халықаралық зерттеуінің нәтижелері бойынша біздің облыс республикада 2-орынды иеленді.
PISA-2022 зерттеуі бойынша оқу сауаттылығынан біз елімізде үздік атандық, жаратылыстану ғылымында республика бойынша 3-ші, математикалық сауаттылықта 4 - ші орынға ие болдық.
Өткен оқу жылында облыс оқушыларының командасы республикалық олимпиадада 29 жүлделі орынға ие болып, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 1 жалпыкомандалық орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, облыс қоржынында республикалық ғылыми жобалар конкурстарында 19 жүлделі орын, халықаралық ғылыми конкурстарда 5 жүлделі орын (1 бірінші, 1 екінші, 3 үшінші), халықаралық олимпиадалардың 10 медалі, Францияда өткен WorldSkills халықаралық чемпионатының медальоны бар.
«Qazaqstan һalkyna» Қорының «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасы бойынша 12 мектеп толық жаңартылды, жоспарда тағы 7 мектеп бар.
2024 жылы Әулиекөл, Жангелдин, Қамысты, Ұзынкөл және Федоров аудандарында 4 жаңа Инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Осы мақсаттарға 34,2 млн. теңге бағытталды. Негізінен ИҚК облыстың ауылдарында ашылуының арқасында қадамдық қолжетімділікте түзетуді көрсетуге мүмкіндік беріледі.
Сондай-ақ, Лисаков қаласы мен Алтынсарин ауданында 2 жаңа психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды, ол үшін жергілікті бюджеттен 158 млн. бөлінді.
2030 жылға дейін жалпы білім беретін мектептердің базасында 23, балабақшалар базасында 13 инклюзияны қолдау кабинеттерін ашу жоспарланған. 2025 жылы 3 ИҚК Науырзым, Сарыкөл және Меңдіқара аудандарында ашылады.
Балаларды қосымша біліммен қамту 96% немесе 110 мыңға жуық баланы құрайды. Облыста 32 мыңнан астам баланы қамтитын 48 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. 3700-ден астам мектеп үйірмелері мен секцияларында 72 мыңнан астам бала қызығушылықтары мен бейімділігі бойынша айналысады. Сондай-ақ облыста 30Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істейді.
Отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту үшін «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бірыңғай тәрбие тұжырымдамасы шеңберінде Қостанай облысының мектептерінде облыстың 399 мектебінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарықұрылды.
Техникалық және кәсіптік білім беру деңгейінде облыстың 33 колледжінде 21 мыңнан астам адам оқиды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 18 мыңнан астам немесе 87%. Дуальды оқытумен мемлекеттік тапсырыстың 32% - ы қамтылған.
Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында маңызды міндеттердің бірі – кадрлық әлеуетті нығайтуды атап өтті және 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Осыған байланысты 2025 жылы мемлекеттік тапсырыс көлемін 6 900 орынға дейін, оның ішінде жұмысшы мамандықтары бойынша 3 мың орынға немесе 45% - ға дейін ұлғайту жоспарлануда.
Өңірдің жаңа инвестициялық жобалары үшін 10 жаңа мамандық ашылды, оның 5-і жұмысшы мамандықтар болып табылады.
38 кәсіпорын 33колледжгеқамқорлық жасайды.
Жыл сайын WorldSkills аймақтық чемпионатының шекаралары кеңеюде. Соңғы 5 жылда облыс қоржынында ұлттық деңгейде 35 медаль бар. Халықаралық чемпионаттарда Қостанай облысы колледждерінің студенттері осы жылдар ішінде 7 медаль жеңіп алды, оның ішінде 5 күміс және 2қола.
21 колледж халықаралық ынтымақтастық шеңберінде білім беру мекемелерімен және кәсіпорындармен 52 шарт, меморандум және келісім жасасты.
Осы жылғы мамыр айында Қостанай автомобиль көлігі колледжі «KIA Qazaqstan» ЖШС-мен автомобиль жасау саласы үшін кадрлар даярлау мәселелері бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.
Осылайша, білім беру жүйесін табысты дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда және жалғастырылатын болады.