«Медиативтік мектептердің қызметін ұйымдастыру»

«Медиативтік мектептердің қызметін ұйымдастыру»

«Медиативтік мектептердің қызметін ұйымдастыру»

 

17 сәуірде «Жанашыр бол» ҚҚ «Медиативтік мектептердің қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, облыстың 5 мектебінің директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтары үшін оқыту тренингі өткізілді: Әулиекөл ауданының №2 Құсмұрын ЖББМ, Денисов ауданының Перелескин ЖББМ, Жітіқара ауданының №4 ЖББМ, Қарасу ауданының Ильичев ЖББМ Қостанай ауданының Мичурин ЖББМ.

Спикер ретінде «Халықаралық Медиация орталығы» РҚБ медиатор-жаттықтырушысы Гүлнара Қайдарбекқызы Азгушкарова сөз сөйледі.

Гүлнара Айдарбекқызы медиация институты туралы айтып, бұл жеке тұлғаны құрметтеуге, ерікті қатысуға, шешім қабылдау және әзірлеу еркіндігіне, тараптардың мүдделерін қорғау және қанағаттандыру мүмкіндігіне негізделген әдіс екенін атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар жанжалдарды бейбіт жолмен шешу үшін жұмыстың жаңа нысандарын, технологиялары мен әдістерін қолдану, балалар мен ата-аналарға көрсетілетін әлеуметтік және психологиялық көмектің тиімділігін арттыру үшін мектеп медиациясы институтын білім беру процесіне біріктіру мүмкіндігі туралы айтты.