"Эмоционалды жану синдромының алдын алу" Халықаралық онлайн-вебинар өткізілгені туралы ақпарат

"Эмоционалды жану синдромының алдын алу" Халықаралық онлайн-вебинар өткізілгені туралы ақпарат

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы" КММ 2020 жылдың 05 маусымында БҰҰ Балалар халықаралық қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесе отырып, білім беру бөлімдерінің әдіскерлеріне,  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары және орта білім беру ұйымдарының  тәрбие жұмысы бойынша директорлардың орынбасарларына, тәлімгерлерге, кураторларға, әлеуметтік педагогтар және педагог-психологтарға арналған  "Эмоциялық жану синдромының алдын алудағы практикалық бөлім" атты халықаралық онлайн-вебинарын өткізді.

Вебинардың теориялық бөлімінде кәсіби жанудың алдын алу бойынша вебинар тақырыбының маңыздылығы, жұмыс істейтін адамның, оның ішінде педагогтің эмоционалдық-энергетикалық және жеке ресурстарының сарқылуына жол бермеу туралы айтылды.

 Диагностика, ағарту, кеңес беру, сондай-ақ түзету сияқты алдын алу әдістерінің кешені ұсынылған. Семинардың практикалық бөлімінде БҰҰ Балалар халықаралық қорының (ЮНИСЕФ) мамандары жүйелі тренингтік, релаксациялық сабақтар мен үрейлі жағдайлардың, педагогтардың эмоциялық және кәсіби жануының алдын алу бойынша тыныс алу жаттығуларын өткізуден ұсыныстар берді.

Сындарлы диалог барысында педагогтардың білім алушылармен, ата-аналармен, педагогтармен және әкімшілікпен өзара әрекеті  туралы мәселелерді қозғады. Онлайн-вебинардың қорытынды бөлімінде барлық қатысушылар осы іс-шараның маңыздылығын, өзектілігін және өнімділігін атап өтті. 

Семинар жұмысына Қостанай облысының 250 маманы қатысты.

Жұмыс соңында әр түрлі әдістемелік құралдарға, сілтемелер берілді https://covid-19.mentalcenter.kz/ сайты.

         Вебинар жазуын Youtube арнасында көруге болады https://www.youtube.com/watch?v=B7RUzJolHi8