Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының жұмыс жоспарын орындау шеңберінде 2020 жылдың 10 маусымында Әулиекөл және Науырзым аудандары мектептерінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, әлеуметтік педагогтарға, педагог-психологтарға және МЮП инспекторларына арналған «Кәмелетке толмағандарға өзіне-өзі қол жұмсау мінез-құлықтың және жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу шеңберіндегі отбасылық психологияның аспектілері» тақырыбында Әулиекөл және Науырзым аудандарының «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі ММ Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі» базасында) топтық семинар сабағын өткізді.
Семинар оқытудың интерактивті түрлерін қолдану арқылы өткізілді. Іс-шара аясында орталық директоры Е. А. Петренко Қостанай облысы бойынша кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы жасалған қылмыстар мен өзіне-өзі қол жұмсау жағдайлардың статистикалық деректерімен таныстырды, сонымен қатар бейнероликтер көрсетілді. Аудандық білім беру бөлімінің мамандары білім алушылар мен олардың ата-аналарымен аутодеструктивті мінез-құлықтың және жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу бойынша өз тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ «Сұрақ-жауап» диалогтық алаңы болды.
Практикалық бөлімде аутодеструктивті мінез-құлықтың және жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу бойынша кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істеу үшін тренингтік жаттығулар мен психологиялық әдістемелер өткізілді.
Қорытынды бөлімде қатысушыларға сауалнама (кері байланыс сауалнамасы) жалпы қатысушылардың барлығы аймақтық орталық ұсынған семинар нәтижелерімен, ақпаратпен және практикалық оқумен қанағаттанғанын көрсетті. Семинар тақырыбы барлық қатысушылар үшін өзекті болды. Семинар сабақтарына қатысушыларға кітапшалар, буклеттер, парақшалар таратылды.
Семинардың барлық қатысушылары сертификаттар алды. Жалпы 30 адам қамтылды.