OnlineMektep үздік мұғалімі» Республикалық байқауы

OnlineMektep үздік мұғалімі» Республикалық байқауы

Осы оқу жылының 5-18 мамыр аралығында «Online Mektep» жобасы аясында Bilim Media Group компаниясы ұйымдастырған «OnlineMektep үздік мұғалімі» Республикалық байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты қашықтықтан оқыту кезінде мұғалімдерді қолдау және ынталандыру болды. Байқауға Қазақстан Республикасының әр түрлі мектептерінен 1000-нан астам мұғалім, Қостанай облысынан 107 мұғалім қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша инновациялық дағдылардың тиімділігін арттыру, бағалау процесін тиімді ұйымдастыру және қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың үлгерімін жақсарту арқасында Рудный қ. Б. Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының мұғалімі Ерік Серікбай Ниязбекұлы жеңімпаз атанды.