«IT-оқытушы-2020» конкурсы

«IT-оқытушы-2020» конкурсы

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және ақпараттық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы шеңберінде 2020 жылдың 12 наурызы мен 18 мамыры аралығында Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары арасында жыл сайынғы «IT-оқытушы – 2020» конкурсы өтті.

Конкурстың ұйымдастырушылары әдістемелік сүйемелдеу орталығы (ТжКБ) және Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі.

Конкурстың мақсаты – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қостанай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының информатика және ақпараттық пәндерінің талантты педагогтарын анықтау және қолдау.

Конкурс 2 кезеңде өтті. Конкурсқа қатысу үшін облыстың әр колледжінен 11 оқытушы өтініш жіберді.  Сырттай кезеңге облыстың 9 педагогы қатысты, екінші кезеңге 7 қатысушы жіберілді. Оқытушылар өздерінің әзірленген және қолданыстағы білім беру ютуб-арналарын таныстырды. Арналарда колледж өмірінен бейнесабақтар орналастырылды. Байқаудың күндізгі кезеңі Cisco Webex Meetings онлайн іс-шараларына арналған бұлтты платформада қашықтықтан өткізілді. 2 қатысушы өз жобаларын ұсынбады, сондықтан қорғауға тек 5 оқытушы қатысты. Оқытушылар студенттермен бірге әзірленген өз жобаларын таныстырды:ақпараттық сайттар, ақылды үй жобасы, бағдарламалау, 3d-модельдеу жобалары.

Байқауға қатысушыларды қазылар алқасы бағалады: М. С. Рахымжанов, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қостанай облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» РММ системотехниг», О. В. Рак, қолданбалы математика және информатика магистрі, «Челябі мемлекеттік университеті» ҚБФ Қостанай филиалының аға оқытушысы, сонымен қатар «Tahion +» фирмасының жетекшісі М. Ю. Лукьянов.

Қазылар алқасы әр қатысушының материалдарын белгілі бір критерийлерге сәйкес, оның ішінде техникалық орындаудың күрделілігі мен сапасы, мазмұндылығы мен практикалық маңыздылығы тұрғысынан бағалады.

Қазылар алқасы мен ұйымдастырушылар IT-жобалардың практикалық маңызы мен әлеуметтік бағытын атап өтті. Сырттай және іштей турлар нәтижелері бойынша қазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығарды:

Бас жүлде – Султанова Наталья Тюлегеновна, «Қостанай индустриалдық-педагогикалық колледжі» КМҚК ақпараттық пәндер оқытушысы;

1 орын – Салькенова Меруерт Қабдоллақызы, «Қостанай құрылыс колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы»;

2 орын – Кенешов Дулат  Дуйсенбекұлы, «Қостанай политехникалық жоғары колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы»;

3 орын – Золотарёва Ирина Александровна,  «Жітіқара политехникалық колледжі» КМҚК ақпараттық пәндер оқытушысы.

         Байқаудың қазылар алқасы «Практикалық маңыздылығы» номинациясы бойынша «Қарасу ауыл шаруашылық колледжі» КМҚК информатика пәнінің мұғалімі Токмагамбетов Қанат Махметоллаұлы марапатталды.

«IT-оқытушы-2020 конкурсын өткізу моделі студенттермен бірге әзірленген Интернет - арналар мен IT-жобалар үлгісінде қатысушылардың кәсіби өсуінде тиімді өзгерістерді белгілеуге мүмкіндік берді.  Байқау студенттер мен оқытушылардың заманауи ақпараттық технологияларға, жалпы бағдарламалауға қызығушылығын оятуға, байқауға қатысушылардың шығармашылығымен танысуға мүмкіндік берді, білім беру үдерісінде жаңа идеяларды іздеуге жол ашты.