"Адал Ұрпақ" ерікті патриоттық клубтарының облыстық қашықтық конкурсы

"Адал Ұрпақ" ерікті патриоттық клубтарының облыстық қашықтық конкурсы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, "Адал Ұрпақ" патриоттық клубтарының қызметін жандандыру мақсатында 2020 жылдың 30 сәуірі мен 22 мамыр аралығында Қостанай облысы білім басқармасының "Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы" КММ "Адал Ұрпақ"патриоттық клубтарының қашықтық конкурсын өткізді.

    Адал Ұрпақ слеті 2017 жылдан бастап өтіп келеді және балалар мен жастардың әлеуметтік-шығармашылық белсенділігін, сондай-ақ өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін дамытуға, азаматтық және құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға, парасаттылық, адалдық және сатылмаушылық қағидаттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.  

    Байқауға "Адал Ұрпақ" ерікті патриоттық клубтарының 75 белсенділері қатысты. Конкурс үш номинация бойынша өтті: суреттер, патриоттық әндер және әлеуметтік жобалар сайысы.

Байқауға қатысу қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, өзін белсенді азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік берді.

Қорытынды бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

"Мен - өз елімнің патриотымын!" суреттер конкурсы»:

1 орын – Рулев Михаил «Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Степанов орта мектебі» ММ;

2 орын – Тильман Эрика  Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Балалар көркемсурет мектебі" КМҚК;

3 орын – Сайганов Георгий  Рудный қаласы әкімдігінің "Балалар көркемсурет мектебі" КМҚК;

«Біздің Қазақстан!» патриоттық әндер байқауы:

1 орын -  "Ассоль" вокалдық тобы  «Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК;

2 орын - Серікпайұлы Есен, Кумарова Асмира  Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі" ММ;

3 орын – Жауынбай Нариман "Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Фурманов жалпы орта білім беретін мектебі" ММ;

" Құқықтық Қазақстан " әлеуметтік жобалар конкурсы»:

1 орын – Поляков Егор «Қамысты ауданы әкімдігі білім бөлімінің Қамысты №1орта мектебі» ММ;

2 орын – Турганбаева Балжана Рудный қаласы әкімдігінің" Железорудная станциясының № 20 негізгі мектебі " КММ;

3 орын – Новикова Вероника  Рудный қаласы әкімдігінің "Дмитрий Карбышев атындағы №14 орта мектебі" КММ.

Барлық қатысушылар Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының серификаттарымен марапатталды. Жеңімпаздар білім басқармасының грамоталарымен марапатталды.  

Барлық қатысушыларды жеңістерімен және жетістіктерімен құттықтаймыз, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!