Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Васильевна Жұмаділдаева Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдің ата-аналар қауымымен және педагогтермен кездесті.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Васильевна Жұмаділдаева Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдің ата-аналар қауымымен және педагогтермен кездесті.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Васильевна Жұмаділдаева Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдің ата-аналар қауымымен және педагогтермен кездесті. Мұғалімдер мен ата-аналар толғандыратын сұрақтарға толық жауап алды. Наталья Васильевна Мемлекет басшысы оқыту сапасын арттыруды бүкіл білім беру жүйесінің аса маңызды басымдығы деп, осы бағыттағы жұмыстың мақсаттарын айқындағанын атап өтті. Бірінші вице-министр облыстың педагогтеріне жергілікті жерлерде іске асырылатын міндеттерді қоя отырып, білім сапасы жөніндегі ұлттық баяндама жобасына баса назар аударды, бұл үшін әрбір педагогтың шынайы қызығушылығы қажет.

«Озат» лицейінің оқушылары мен педагогтері Наталья Васильевнаға ақпараттық технологиялар саласындағы жұмысы туралы айтып берді. Ал ынталы зерттеушілер, робототехникамен айналысып жатқан оқушылар, киберспортшылар жаңадан ашылған «IQostanai» Оқушылар сарайында алғашқы жетістіктерін көрсетті, оның құрылысына 11,3 млрд.теңге жұмсалды. Облыс орталығының 1300 оқушысы заманауи кабинеттерде, шеберханаларда, ғылыми-техникалық, экологиялық-биологиялық және эстетикалық бағыттағы студияларда ұнайтын істермен шұғылданады. Оқушылар мен олардың тәлімгерлері Орталықтың барлық мүмкіндіктерімен танысуда, алда көптеген жаңалықтар бар.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында Наталья Васильевна тәрбиеленушілермен танысып, олардың не нәрсеге ұмтылатынын, не туралы армандайтынын білді. Мұғалімдер балалардың хоббиі туралы, олардың бос уақытын қалай ұйымдастырғанын айтып берді. Қазір орталықта 33 бала бар, олар мектепке, кітапханаға барады, тәрбиеленушілер үшін экскурсиялар мен іс-шаралар өткізіледі.

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/651885?lang=kk