
«Ұрпақтың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу - қоғам міндеті»
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде балаларды жауапкершілікке, тәртіпті болуға, заңды құрметтеуге, өз құқықтары мен міндеттерін білуге үйрететін құқықтық тәрбиенің маңызы зор.
Дәл осындай жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға мектептердегі тәрбие жұмысының бірыңғай бағдарламасы бағытталған.
Тәрбиенің оң әсерін күшейту үшін мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру маңызды.
Мәселен, 22 қыркүйекте Арқалық қаласында Арқалық қалалық сотының маманы, медиатор Б. Н. Әділбекованың, Арқалық қалалық полиция басқармасы ювеналды полиция тобының инспекторы, аға капитан А. Ж. Баязидің, «Әділет» мектептің құқықтық үйірмелерінің басшылары мен мүшелерінің қатысуымен «Ұрпақтың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу - қоғам міндеті» тақырыбында қалалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында қалалық соттың маманы Бағдат Нағашыбайқызы білім алушыларға қоғамдағы татуласу проблемаларын шешудегі медиатордың рөлі, даулы мәселелер санаты және оларды шешу қағидаттары туралы айтып берді, ювеналды полиция тобының инспекторы Арман Жылкелдіұлы қоғамға қарсы іс-қимылдар жасағаны үшін балалардың жауапкершілікке тартылуы туралы айтты, «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаттары мен міндеттерімен таныстырды.
Практикалық бөлімде оқушылар құқықтық тақырыптағы жобаларды қорғады, үйірме сабақтарына қатысты.
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi, @gani.beisembayev, @medetbekovameruert