Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының қолдауымен «Neco» экологиялық клубы» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатқан жоба «Экология мектебі: ойла, зертте, әрекет ет!» деп аталады.
Аталған жоба несімен қызық?!Жобаға қысқаша шолу жасап өтсек.
Бұл жоба 5–11 сынып оқушыларына арналған және оның негізгі мақсаты «Zero Waste – Еш қалдықсыз» ұғымымен таныстыру арқылы экологиялық білім беру.
Осы мақсатта қоқыстарды бөлек жинау бойынша үй жағдайында «ECOLIFE» экологиялық акциясы, «Жасыл мектеп» экоконкурсы, үздік әлеуметтік экологиялық жарнама бойынша Эко-еріктілер байқау іске асырылып жатыр.
Ал қазір, эко-тренер Наурызбек Бірмағамбетов облыс орталықтары мен облыс қалаларында кездесулер өткізіп, «Zero Waste-Еш қалдықсыз» ұғымын күнделікті өмірге енгізу бойынша тренингтер өткізіп, соңында көкөністер мен жемістердегі нитраттарды өлшеу, судың кермектігі және радиацияны өлшеу бойынша шеберлік сабақтарын өткізуде.
Тағы бір мастер-класс - күн батареясын пайдалану және қосу, мұнда балалар күн жүйесін құрастыруды және бөлшектеуді өз бетінше үйренеді.
Конкурстар мен көшпелі кездесулер өткеннен кейін «Экоболашақ» бір күндік эколагерін өткізу жоспарлануда, онда конкурстардың жеңімпаздары мен облыстың барлық аймақтарынан белсенді эко еріктілерді жиналады.