2023 жылғы 22 қыркүйекте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін білім беру ұйымдарында жұмысқа орналасу тәртібі туралы нормаларды түсіндіру мақсатында Білім басқармасы қызметкерлерінің «Қостанай гуманитарлық колледжі» жекеменшік мекемесінің бітіруші топтарының студенттерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген педагогтерді жұмысқа орналастыру бойынша ақпараттық ролик қаралып, балаларға ақпараттық буклеттер таратылды. Білім басқармасының қызметкерлері студенттерге «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтарын қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының негізгі нормаларын жеткізді.
Кездесу соңында болашақ педагогтар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.