«Контрафакт» республикалық акциясы

«Контрафакт» республикалық акциясы

«Контрафакт» республикалық акциясы

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі халықтың зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы азаматтардың білімін арттыру, қоғамның контрафактілік өнімге төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында «Контрафакт» республикалық акциясын өткізді.

2023 жылғы 26 мамырда Астана қаласында «Контрафакт» республикалық акциясының жабылу салтанаты өтті.

 «Контрафакт» акциясының қорытындысы  бойынша «Контрафактіге жол жоқ!» байқаудың ең үздік сурет  номинациясында «Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімінің Май жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің оқушысы Кира Витальевна Лантух жеңімпаз болып танылып, дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің 2 курс студенті Лейла Қуандыққызы Сансызбаева («Федоров ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің мұғалімі болып жұмыс жасайды ) «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбы бойынша үздік қысқа бейнеролик номинациясында 3 орын алды.

Сондай-ақ, Светлана Викторовна Савицкая  «Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімінің Май жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің технология мұғалімі зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды дамытуға, балалар арасында көркемдік таланттарды ашуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Әділет Министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Светлана Савицкаяның шәкірттері үшінші жыл қатарынан «Контрафакт» республикалық акциясының суреттер байқауында бірінші орын алады.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!Шығармашылық табыс, денсаулық және амандық тілейміз!

https://www.instagram.com/reel/CstSAlXLgi_/?igshid=NjZiM2M3MzIxNA==