ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІНІҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІНІҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ

 

«Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогы» республикалық педагогикалық шеберлік конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды.

Жүлделі орындарды конкурстық комиссия анықтады.

І дәрежелі дипломмен Атыгаева Жанна Балгожиновна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ мұғалім-дефектологы марапатталды;

ІІ дәрежелі дипломмен Дмитриенко Светлана Сергеевна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Сарыкөл ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ педагог-психологы марапатталды;

ІІІ дәрежелі дипломмен Акулинина Надежда Владимировна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарабалық ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ мұғалім-дефектологы марапатталды.

Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды (төменде қараңыз).

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және байқаудың барлық қатысушыларына шығармашылық жетістіктер, сарқылмас қуат, барлық белгіленген мақсаттар мен міндеттерді іске асыруды тілейміз.