РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы» Республикалық педагогикалық шеберлік конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды.

 Байқау педагогикалық еңбектің беделін арттыру, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарының үздік педагогтарының тәжірибесін тарату мақсатында өткізілді.

Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша «Арнайы мектептің үздік педагогы (мұғалімі)» номинациясы бойынша келесі нәтижелер анықталды:

І дәрежелі дипломмен «Қостанай облысы экімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақша-мектеп-интернат»  Қостанай арнайы кешені» КММ биология мұғалімі Калжанова Алмагуль Умурзаковна марапатталды;

ІІ дәрежелі дипломмен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім  берілуіне  қажеттілігі  бар  балаларға арналған «Лисаков арнайы   мектеп - интернаты»   КММ технология мұғалімі Карабекова Назыгуль Галымжановна марапатталды;

ІІІ дәрежелі дипломмен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Рудный арнайы мектебі» КММ дефектолог мұғалімі Карпенко Диана Николаевна марапатталды.

«Арнайы мектеп оқушыларын психологиялық педагогикалық сүйемелдеудің үздік педагогы» номинациясының жеңімпаздары:

І дәрежелі дипломмен Қостанай облысы экімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақша-мектеп-интернат»  Қостанай арнайы кешені» КММ дефектолог мұғалімі Коваленко Наталья Евгеньевна марапатталды;

 ІІ дәрежелі дипломмен Қостанай облысы экімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақша-мектеп-интернат»  Қостанай арнайы кешені» КММ дефектолог мұғалімі Самарь Ирина Владимировна марапатталды;

ІІІ дәрежелі дипломмен Қостанай облысы экімдігі білім басқармасының «№2 ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақша-мектеп-интернат»  Қостанай арнайы кешені» КММ педагог-психологы Гончарова Людмила Валерьевна марапатталды.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы»  байқауының барлық қатысушыларына шығармашылық жетістіктер, сарқылмас қуат, барлық көзделген мақсаттар мен міндеттерді іске асыруды тілейміз.