
КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ МАҢЫЗДЫ СИПАТТАМАСЫ РЕТІНДЕ
2023 жылдың 28 наурызында Рудный политехникалық колледжінің базасында «БІЛІМ - ИННОВАЦИЯ» педагогикалық шеберлік Мектебі» атты облыстық ОӘБ жұмысы аясында «Кәсіби құзыреттілік педагогикалық қызметтің маңызды сипаттамасы ретінде» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының ТжКБ әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Бокаева М.М., Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының ТжКБ әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Утегенова Г.М., Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының ТжКБ әдістемелік кабинеті меңгерушісінің орынбасары Сагнаев А.Н. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный политехникалық колледжі» КМК директоры облыстық педагогикалық шеберлік мектебінің қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі. Бұл шараға Қостанай облысындағы колледждердің 24 тәжірибелі оқытушысы қатысты.
Педагогикалық кездесу барысында қатысушыларға бір-бірін тану мақсатында психологиялық тренинг өткізілді. Теориялық бөлімде «Білім-Инновация» педагогикалық шеберлік мектебі» облыстық ОӘБ төрағасының «Бағалау мұғалім іс-әрекетіндегі кәсіби құзыреттіліктің қажетті құралы ретінде» тақырыбында баяндамасы тыңдалды. Мұғалімдер 4 ашық сабаққа қатысты, оның негізінде практикалық бөлімде кездесуге қатысушылар бағалау критерийлері мен дескрипторлары көрсетілген бақылау парақтарын әзірледі.
Кездесу соңында колледж әдіскері рефлексия өткізіп, оқытушылар кездесуден алған әсерлерін білдірді.