ББЖМ-2022 нәтижелерін талдау білім алушылардың жаратылыстану - ғылыми сауаттылық саласындағы жетістіктерінің деңгейі туралы шынайы нәтижелерге қол жеткізгенін көрсетті, олардың оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарын анықтады.
Барлық қиындық деңгейіндегі тапсырмалардың ішінде «Картография
және географиялық деректер базасы» тақырыбы бойынша
тапсырмалардың орындалуы 65%-дан төмен, бұдан білім алушылардың
төмендегі мақсаттарға жетуде:
- тақырыптық карталарды оқуда географиялық шартты белгілер мен
карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді пайдаланумен;
- маңызды қазақстандық географиялық нысандарды,
үрдістер мен құбылыстарды карталардан көрсету барысында
сипаттауда қиындықтары бар екені байқалады.
2023 жылғы 24 ақпанда «Қостанай қаласының білім бөлімінің № 1 мектеп-лицейі» КММ базасында география мұғалімдеріне арналған «Географиялық картамен саяхат» семинар-нетворкингі өтті.
Педагогтармен жұмыс басында ББЖМ-2022 әдістемелік ұсыныстары талқыланды. «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің А. Шотаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» КММ география пәні мұғалімі С.О. Авгумбаев және «Аманкелді ауданы білім бөлімінің Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебі»КММ география пәні мұғалімі Рахметова Айсулу Касымовна ББЖБ дайындық және жоғары деңгейдегі тапсырмаларды дайындау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Жұмыс екі секцияда өтті, онда мұғалімдер картамен жұмыс істеу тәсілдері мен әдістерін көрсетті. Баяндамалардың тақырыптары өте қызықты болды: «Google Earth географиясы бағдарламасымен жұмыс жасаудың тиімділігі», «Картамен жұмыс істеу кезінде 7-9 сыныптарда физикалық география сабақтарында геймификация элементтерін қолдану», «Геоинформатика және картография: географиялық ақпаратпен жұмыс істеудің заманауи технологиялары» және т. б.
География мұғалімдерінің тәжірибесін қорытындылай келе, карта жер бетінің жазықтықтағы таныс бейнесі ғана емес, қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар аясында белгілі бір ақпараттық - білім беру өнімі ретінде ұсынылатын ақпарат көзі ретінде қарастырылады деп сенімді түрде айта аламыз. Қазіргі адам кітап пен компьютерді қалай меңгерсе, географиялық карталарды да танып, еркін қолдана білуі керек.