ТжКБ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ БАҒАЛАУ: ҚҰРАЛДАР, КРИТЕРИЙЛЕР, ФОРМАЛАР

ТжКБ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ    РЕТІНДЕ БАҒАЛАУ: ҚҰРАЛДАР, КРИТЕРИЙЛЕР, ФОРМАЛАР

Осы тақырып бойынша ТжКБ әдістемелік кабинеті арнайы пәндер оқытушыларының облыстық ОӘБ жұмысы аясында Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің базасында облыстық семинар-workshop өткізді. Семинар педагог қызметкерлерінің практикалық білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын, кәсіби құзыреттерін студенттерді оқыту барысында критерийлер негізінде бағалауды ұйымдастыру мәселелерін қалыптастыру және дамыту мақсатында өткізілді.
Арнайы пәндер оқытушыларының облыстық ОӘБ төрайымы Ж.Д. Контробаева сабақты BOPPPS моделі бойынша жоспарлау ерекшелігін, Блум таксономиясына сәйкес құрастырылған тапсырмаларды бағалау критерийлерін интеграциялау бойынша workshop өткізді, сондай-ақ өз тәжірибесінен формативті бағалаудың ұтымды интерактивтік әдістерімен таныстырды. Аталған іс-шара Жаннат Дүйсембіқызы үшін 2022 жылғы «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпазы ретіндегі тәжірибесін көрсету алаңы болды.
Семинар қатысушылары колледж педагогтары Батырбекова Айман Нұрлыбекқызы, Жұмақанова Ұлпан Қалабайқызы, Киблер Наталья Ростиславовна, Мазурова Кристина Ивановна мен Сильянова Анастасия Николаевнаның сабақтарына қатысып, басты назарға бағалау формалары мен түрлері және колледж тәжірибесінде балдық-рейтингтік жүйені іске асыру мәселесі алынды. Педагогтардың сабаққа дайындығын, тапсырмаларды әзірлеудегі шығармашылық көзқарасын, білім алушылардың сабаққа қатысуын қолдау үшін формалар мен әдістерді шебер қолданғанын атап өткен жөн. Утегенова Г.М. өткізген рефлексия бөлімінде педагогтар «сауалнама-газет», «байланыс сөздер» техникалары бойынша жұмыс істеді және кері байланыс онлайн сауалнамасының сұрақтарына жауап берді, сауалнаманы талдау барысында 40-тан астам қатысушылардың 100% семинар тақырыбының өзектілігін атап өтті. Семинарды өткізуге белсенді атсалысқан колледж басшысы Құсайын Ж.Қ. және ұжымына алғыс айтамыз.