ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ҮЗДІК ПЕДАГОГ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСЕДІ

ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ҮЗДІК ПЕДАГОГ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСЕДІ

ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ҮЗДІК ПЕДАГОГ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСЕДІ

Қостанай жоғары политехникалық колледжінде арнайы пәндер оқытушысы Контробаева Ж.Д. колледж педагогтары үшін «Формативті бағалаудың тиімді әдістері» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.
Мақсаты: «Үздік педагог-2022» республикалық байқауында ашық сабақта пайдаланылған формативті бағалау әдістерін қолдану тәжірибесін ұсыну.
Сабақ типі бойынша - проблемалық сабақ, түрі бойынша - зерттеу сипатындағы теориялық жұмыстар сабағы ретінде өткізілді. Мақсатты жұмысты қамтамасыз ету үшін оқытушы сабақтың дидактикалық мақсатын анықтады: түзету және бақылау түрінің рефлексиясын жүзеге асыруға жағдай жасау, олардың қиындықтарының себебін анықтау және түсіну, қиындықтарды жою бойынша іс-қимыл алгоритмін өз бетінше құру, іс-әрекеттерді өзіндік талдау жасауға және проблемалық мәселені шешудің жолдарын табуға үйрету. Сабақта келесі әдістер қолданылды: ауызша, проблемалық, репродуктивті, зерттелетін материалды ауызша баяндау кезінде көрнекілік және көрсету әдісі, ішінара іздену, салыстырмалы, бағдарламалау. Жаннат Дусембиевна сабақта білім алушылардың танымдық іс-әрекетін әртүрлі формада ұйымдастырды: фронтальды, топтық, жеке. Оқытушы келесі педагогикалық әдістерді қолданды: «Сабаққа эмоционалды кіру», «Тақырып-сұрақ», «Болжалдап ойлау», «Ассоциативті қатар», «Уақыт сызығы», «Сәттілік жағдайы», «Максималды көрнекілікпен ұсыну», «Тұжырымдамалық кесте», «Рейтинг», «Үш М».
Сабақтың ерекшелігі – білім алушыларды ынталандыру және жетістікке жетулеріне жағдай жасау, әлеуметтік серіктестің сұранысы бойынша проблемалық сұрақ қою: «Кәсіпорынның максималды пайда алуының тиімді әдісін анықтау», сондай-ақ оқытушының «Пайда табудың ең тиімді нұсқасы-өндірістік процесті автоматтандыру арқылы жұмысшылар санын азайту» гипотезасын қоюы, зерттеу жүргізу, түсіндіру және деректерді талдау болды.