TopIQ.kz  платформасы туралы  

TopIQ.kz  платформасы туралы   

 «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ әдістемелік кабинеті 2022 жылдың 18 қазанында білім беру ұйымдарының педагогтеріне                     «TopIQ платформасының артықшылықтары мен мүмкіндіктері» тақырыбында 4 онлайн семинарын өткізді.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Оқулықтарды  цифрлық форматқа көшіру және оқушы сөмкесінің салмағын жеңілдету» тапсырмасын орындау мақсатында семинар жұмысына «Алматыкітап баспасы» тренинг орталығының басшысы Гүлнұр Серікқызы Құдайберген, IT бөлімінің техникалық маманы Елдос Біршімбайұлы және жобалық PR бөлімі басшының орынбасары Гүлмарал Наурызбайқызы Қабдолашева қатысып, электрондық оқулықтар орналасқан платформаның артықшылықтары мен мүмкіндіктерімен таныстырды. Аталған платформада 1-11 сыныптардың оқулықтары орналасқан, интерактивті тапсырмалар мен бейне және аудио материалдар қоры көп екенін атап кетті. Платформаның артықшылығы кез келген гаджетке жүктемей-ақ жұмыс жасау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл білім алушының тек мектепке қана емес, сонымен бірге, қашықтан оқу кезінде де пайдалануға қолайлы. Педагогтер мен білім алушыларға TopIQ.kz  платформасына Kundelik.kz порталынан тікелей өте алатындығы ұтымды.

Семинар жұмысына барлық білім беру ұйымдарының 324 педагогі қатысты. Педагогтерден түскен сұрақтарға жауап берілді. Кері байланыс барысында педагогтер электрондық оқулықтардың маңызына тоқталып өтті.