«Адал Ұрпақ» патриоттық клубтарының облыстық қашықтық байқауын қорытындысы туралы

«Адал Ұрпақ»  патриоттық клубтарының облыстық қашықтық байқауын қорытындысы туралы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ

 

«Адал Ұрпақ»  патриоттық клубтарының облыстық қашықтық байқауын қорытындысы туралы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 2022 жылғы 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында  Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы балалар жылына және ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған «Адал Ұрпақ» патриоттық клубтарының облыстық қашықтық байқауын өткізді.  

    Байқауға Қостанай облысының 14 өңірінен «Адал Ұрпақ»  патриоттық клубтарының 130 белсенділері, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар өздерін үш номинация бойынша көрсетті: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» үгітбригадалар байқауы, «Жаса Қазақстан» патриоттық әндер байқауы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» буклеттер  байқауы.

Жеңімпаздар  болып атанды:

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» үгітбригадалар байқауы:

1 орын – «Адал Ұрпақ» клубы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімінің №3 мектеп-лицейі» КММ;

2 орын  –«Адал Ұрпақ»  клубы,  Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №7 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

3 орын -   «Адал Ұрпақ» клубы,    Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы» КММ;

  «Жаса,  Қазақстан!» патриоттық әндер байқауы:

1 орын -  Нурхельдиев Адиль, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ,

2 орын - Дәулет Айару, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Родина жалпы білім беретін мектебі» КММ;

          3 орын - «Аккорд» Вокалды ансамблі,  Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің № 2 гимназиясы» КММ;

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» буклеттер байқауы:

1 орын - Амирова  Даяна , Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің Октябрь жалпы білім беретін мектебі»  КММ;

2 орын – Шкурихин Илья, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің № 18 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

3 орын  – Монько Алина, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Сарыкөл ауданы білім бөлімінің Севастополь жалпы білім беретін мектебі» КММ.

Рудный қаласының құрамасы «Адал Ұрпақ» үздік патриоттық клубы болып танылды!

Барлық жеңімпаздарға грамоталар мен мүсіншелер табыс етілді. Жарайсыңдар балалар!