«Жас Ұлан» Республикалық әскери-спорттық ойынының Финалы

«Жас Ұлан»  Республикалық  әскери-спорттық ойынының Финалы

«Жас Ұлан»  Республикалық  әскери-спорттық ойынының

Финалы

 

        2022 жылғы 4-6 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің қосымша білім беру республикалық оқу-әдістемелік орталығы ҚР Білім және ғылым Министрлігінің тапсырмасы бойынша қашықтықтан, онлайн режимде тікелей эфирмен «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының республикалық финалын өткізді. Ойын жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыс мазмұнының сапасын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және дәріптеу мақсатында өткізілді.

        Республикалық ойынның финалына республиканың мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының және жалпы білім беретін мектептердің оқушылары – облыстық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 170.

Командалар келесі номинациялар бойынша жарысты:

«Жауынгерлік парақ», «Белтемірге тартылу», «Арқамен жатып денені көтеру», «Өз қолымен әскери техника» сәндік-қолданбалы өнер байқауы», «Командалардың тұсаукесері» байқауы, «Соғыс жылдарындағы әндер!», «Алғашқы медициналық көмек көрсету» квиз-викторинасы, «Соғыс жаңғырығы!» - қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, олардың ерліктері, Қазақстанда құрылған құрамалардың ұрыс қимылдары туралы;

 «Тарихи мұра» - заттай және құжаттық ескерткіштер бойынша қол жетімді туған өлке тарихы туралы.

Республикалық жарыстарда Қостанай облысының атынан Ұзынкөл ауданының Пресногорьков жалпы білім беру мектебінің «Патриот» әскери-патриоттық клубының командасы қатысты, жетекшісі Коваленко Сергей Александрович.

Біздің команда үш номинация бойынша сәтті өнер көрсетті:

          - «Алғашқы медициналық көмек көрсету» квиз-викторинасы номинациясында 1 орын иеленді, капитандар байқауына  Фомина Екатерина қатысты;

         - 1 орын «Жауынгерлік парақша» Лелик Николай дайындады;

           -2 орын «Тарихи мұра» тарихи-іздестіру-зерттеу жобасын қорғау, жобаны Виктория Новикова қорғады.

Балаларды жеңісімен құттықтаймыз және оларға жоғары жетістіктер тілейміз!