ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы онлайн режимде 4 - 6 мамырдан бастап «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының республикалық финалын өткізеді, ойынға облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойыны финалының жеңімпаздары 170 оқушы қатысады. Қостанай облысының атынан Ұзынкөл ауданының «Патриот» әскери-патриоттық клубы қатысады.
Бүгін байқаудың екінші күні өткізіледі. Қатысушылар онлайн режимінде «Соғыс жаңғырығы!» және «Тарихи мұра» тарихи-өлкетану зерттеу жобаларын қорғайды.
Байқауды өткізу қазақстандық патриотизмге, қорқынышты соғыста жеңіске жеткен адамдарға, өз Отанына деген мақтаныш пен құрмет сезімін тәрбиелеуге, балалар мен жастардың азаматтық және құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Қатысушыларға сәттілік және ойында жеңіс тілеймін!