
2019 жылы 5 желтоқсандағы брифинг барысында Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов өңірдің білім саласындағы жетістіктерді баяндады.
Жыл сайын білім беру саласын қаржыландыру артып келеді. Тек 3 жылда облыстың білім беру бюджеті 1,5 есеге дерлік өсті.
Ағымдағы жылы Қостанай қаласының жаңа «Әуежай» шағын ауданында 900 орынға арналған 2 замануи мектеп және мемлекеттік тілде білім беретін гимназия өз есіктерін ашты, бұл өңірдегі үш ауысымды проблемасын толығымен шешуге мүмкіндік берді.
Тағы да 2 мектептің құрылысы басталды:
- Қостанай қаласының «Әуежай» шағын ауданында 1200 орынға арналған жалпы құны 3,2 млрд. теңге тұратын мектеп.
- Әулиекөл ауданының Аманқарағай кентінде апатты мектептің орнына 320 орынға арналған мектеп.
Бұдан басқа, ағымдағы жылы облыстағы білім берудің 21 объектін күрделі жөндеуге бұрын болмаған 2,7 млрд. теңге сома берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп.
Күрделі жөндеуді жүргізгенде орындалатын жұмыстардың көлемін жаңа салынып жатқан мектептің құрылысымен салысытыруға болатынын атап өту қажет, өйткені ғимараттың негізгі қаңқасынан басқа барлық конструкциялар мен құрылыстарға демонтаж жүргізіледі.
Білім беру саласын цифрландыруға қатысты, қазіргі таңда білім берудің мекемелері 100% кең жолақты қолжетімді Интернетпен қамтамасыз етілді. 2018 жылдың басында 37% болса, бүгінгі күні 88,8% мектепте жылдамдығы секундына 4 Мегабиттен жоғары интернет бар.
Облыста алғашқы «Озат» IT-лицейі, IT-құзырет орталығы, меценаттар көмегінің арқасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде 324,2 млн. теңге жалпы сомаға 62 IT-сынып және робототехниканың 30 кабинеті ашылды.
Бұл әрине смарт-технологиялар саласында білікті мамандарды даярлау ретінде маңызды рөл атқаратын болады.
Жалпы облыстың білім беру саласында оңтайлы жетістіктерге жету үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Оның қорытындысы бірыңғай ұлттық тестілеудің көрсеткіштері болып табылады, ағымдағы жылы облыс бойынша орташа балл 88,9 бірлік құрады, бұл өткен жылдың нәтижесінен 2,2 балға жоғары. Бұл біздің әрбір екінші түлегімізге білім гранттарының иегері болуға мүмкіндік берді.