15 наурызда Ыбырай Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің базасында Қостанай облысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтарының «Қостанай облысының мектепке дейінгі білім беру: жетістіктері мен даму үрдістері» съезде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту жолдары

15 наурызда Ыбырай Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің базасында Қостанай облысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтарының «Қостанай облысының мектепке дейінгі білім беру: жетістіктері мен даму үрдістері» съезде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту жолдары

15 наурызда Ыбырай Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің базасында Қостанай облысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтарының «Қостанай облысының мектепке дейінгі білім беру: жетістіктері мен даму үрдістері» съезде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту жолдары, мектепке дейінгі білім беру педагогтарының кәсіби және тұлғалық өсуі, мектепке дейінгі білім беру саласында мамандар даярлау мәселелері талқыланды.

Съезд аясында педагогтар мектепке дейінгі қызметкерлердің педагогикалық жетістіктерінің көрмесімен танысты «Қостанай облысының мектепке дейінгі білім беру: кеше, бүгін, ертең», ол 4 бағытпен ұсынылды «Геймификация шеберханасы», «Идеядан нәтижеге дейін», «Инновацияны тәжірибеге енгізу», «Инклюзия-бірлескен табыстың аумағы».

Пленарлық отырыс барысында «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің басшысы Т.И. Набатникова сөз сөйледі, ол Қостанай облысында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың дамуы туралы ақпаратты ұсынды.

А. С. Мальгаева, «ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ басшысының орынбасары, мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау мәселесін баяндады, М. В.Слесарь «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша кәсіптік даму институты филиалының директоры съез қатысушыларын мектепке дейінгі білім беру деңгейі педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының жаңартылған бағдарламаларымен таныстырды. Ө.Султангазин атындағы Қостанай педагогикалық институты бастауыш және мектепке дейінгі білім кафедрасының аға оқытушысы       Ж.Х. Султанбекова жоғары оқу орындарында балабақшалардың педагогикалық қызметкерлерін даярлаудың жаңа тәсілдері мен перспективалары туралы айтып берді. Өз сөзінде мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ тіліне оқытудың тиімді бағыттары мен проблемаларын Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№44 бөбекжай-балабақшасы» қазақ тілі мұғалімі                      М.М. Кенжебекова қозғады. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының білім бөлімі» ММ әдіскері Г.К. Бикбаева мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа бағытын ұсынды.

Пленарлық отырыс соңында педагогтер сұрақтарды талқылауды 4 бағыт бойынша жалғастырды: «Мектепке дейінгі балалардың әлеуетін дамытудың негізі ретінде мектепке дейінгі білім беруді қайта ойластыру және трансформациялау», «Менеджмент және сапа - мектепке дейінгі ұйымдарды дамытудың жаңа векторы», «Ойын кеңістігі мектепке дейінгі білім берудің негізі ретінде», «Назар аударуда: тәрбиешінің кәсіби және жеке өсуі».

Съезд барысында педагогтар тәжірибе алмасып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелерін талқылауға қатысты.

Съезге барлығы 100 мектепке дейінгі білім беру педагогтары қатысты.