«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 110000, Қостанай қ ,Зелёная көшесі,23, анықтама телефоны: 8 (7142)52-40-94, электрондық мекенжайы: dep@kostanay.gov.kz 25.11.2021 ж. "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды».

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 110000,  Қостанай қ ,Зелёная көшесі,23, анықтама телефоны: 8 (7142)52-40-94, электрондық мекенжайы: dep@kostanay.gov.kz 25.11.2021 ж. "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды».

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 110000,  Қостанай қ ,Зелёная көшесі,23, анықтама телефоны: 8 (7142)52-40-94, электрондық мекенжайы: dep@kostanay.gov.kz 25.11.2021 ж. "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды».

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауылшаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (А1-2санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 152106 теңгеден 184491 теңгеге дейін.

Конкурсты өткізу орны: Қостанай қаласы, Зелёная көшесі, 23.

Конкурсты өткізу күні: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларында белгіленген мерзімге сәйкес

«Қостанай ауылшаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 111100, Тобыл қаласы, Терешкова көшесі, 15/4 үй, тел.: 8 (71455) 2-15-66, e-mail: Zatob_koll@mail.kz

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметті басқарады.

Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процестерінің кестелерін, ішкі тәртіп ережелерін бекітеді.

Білім беру ұйымының басқару құрылымын, штаттық кестесін, қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.

Білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істеу үшін қажетті жағдайларды, қоғамдық тамақтануды, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды және олардың жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды.

Жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен жұмысты үйлестіреді.

Қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитарлық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Материалдық-техникалық базаны қайта жарақтандыруды және қайта ұйымдастыруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады.

Білім беру ұйымының білім беру қызметінің саласын қолдау және кеңейту мақсатында білім берудің инновациялық технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді.

Кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, педагогтердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

Үздіксіз кәсіптік оқыту бойынша білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.

Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді.

Жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді.

Әлеуметтік әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады.

Уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасайды.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының біліктілікті беру (растау), арттыру кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі соңғы бес жылдан кем емес, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе тиісті бейін бойынша; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін, өндірістен өткен тұлғаларды қоспағанда);

                 Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілер;

Педагогика және психология негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

басқарудың инновациялық әдістері;

экономика негіздері, қаржы-шаруашылық қызмет мәселелері;

құқық негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

                1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

                2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

                3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

                4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

                5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

                6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

                7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

                8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

                9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

                10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

                11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

                12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

                13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

                14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

                3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.

                Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Білім басқармасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс: Қостанай қаласы, Зелёная көшесі 23, 102-кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7142) 52-40-94.

 

Мемлекеттік орта, техникалық
және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдарының
басшыларын конкурстық
орналастыру және мемлекеттік
мектепке дейінгі, орта,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі және қосымша
білім беру ұйымының басшысы
лауазымына конкурстық
тағайындау қағидаларына
3-қосымша

 

 

____________________________
конкурстық комиссияның атауы
____________________________
__________________________
кандидаттың тегі, аты және
әкесінің аты (болған жағдайда)
____________________________
___________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
____________________________
____________________________
нақты тұратын жері, тіркелген
мекенжайы, байланыс
телефондары

Өтініш

      Мені_________________________________ басшысы бос лауазымына

      білім беру ұйымының атауы

      орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      Қазіргі уақытта _________________________________ жұмыс жасаймын.

      білім беру ұйымының атауы

      Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Өзім туралы келесі мәліметті хабарлаймын:

      Білімі:

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандық

   

Жүктеу

      Жұмыс өтілі:

Жалпы

Мамандық бойынша

Педагогикалық

Осы білім беру ұйымында

     

Жүктеу

      Алынған (берілген) жылын көрсете отырып, наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

      ________________________________________________________________________________

      Конкурс қағидаларымен таныстым *

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20____жылғы "____" _______________ __________________________

      (Қолы)