Есірткіге жол бермеңіз

Есірткіге жол бермеңіз

Есірткіге жол бермеңіз

24 қарашада Қостанай қаласының 60 оқушысы мен 40 студенті нашақорлықтың алдын алу бойынша кеңейтілген іс-шараға қатысты. Жасөспірімдерге есірткі құралдарының адам денсаулығы мен өміріне теріс әсері, нашақорлықпен бірге жүретін аурулар, есірткі заттарын таратқаны және пайдаланғаны үшін заң алдындағы жауапкершілік туралы айтылды.

Белгілі спортшылар: Сапиев Рахмет (халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, әлемнің күміс жүлдегері) және Кункубаев Данияр (белбеу күресінен ҚР спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Әлем чемпионатына қатысушы) өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға, сүйікті ісімен айналысуға және белсенді азаматтық ұстанымға ие болуға шақырды.. Іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

Ұйымдастырушылар Қостанай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы болды.